Аймақтар
1 мин оқу 94

Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенованың қаулысы жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.</p>

«Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру», делінген жаңа қаулыда.

Сол сияқты өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру міндеті де тапсырылды.

Бөлісу: