Аймақтар
1 мин оқу 252
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
<p style="text-align: justify;">Риддер қаласы тұрғынының пәтерінен 205 дана патрон табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
18 ақпанда Риддер қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерінен 205 дана патрон тауып, тәркіледі, алынған оқ-дәрінің 199 данасы маманның қорытындысы бойынша 5,6 мм калибрлі ойық қарудың патрондары, қалған 6 данасы 16 калибрлі тегіс ұңғылы қарудың оғы болып шықты.
Олардың барлығы атысқа жарамды. Табылған 5,6 мм калибрлі 199 патрон зауыттық тәсілмен дайындалған, ал 16 калибрлі 6 патрон қолдан жасалған. Ұсталған ер адамның азаматтық қарудың иесі емес екені анықталды.
Бөлісу: