Әлем
1 мин оқу 172

Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты

<p style="text-align: justify;">Қытай миллиардерлер саны мыңнан асқан әлемдегі жалғыз ел атанды. Мұны елдің Hurun зерттеу иституты мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жыл басында ҚХР-да миллиардерлер саны 1,058 мыңды құрады. Яғни, 259 адамға көбейген.

Ал жалпы алғанда әлемдегі миллиардерлер саны өткен жылы 3228 адамға жетті. Бір жыл бұрынғыдан 412 адамға көп. 

Қытайдағы ең бай адам - Nongfu Spring компаниясының иесі Чжун Шаншань. Оның байлығы 85 миллиард доллар деп бағаланады. Екінші және үшінші орындарда Tencent инвестициялық холдингтік компанияның негізін қалаушы Ма Хуатэн ($74 млрд) мен Pinduoduo ауылшаруашылық платформасының операторы Колин Хуан ($69 млрд) тұр. Ал Alibaba Grouр-тің негізін қалаушы Джек Ма төртінші орында. Оның байлығы - $55,6 млрд. 

Бөлісу:
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар