Күрес
2 мин оқу 113

Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Ертең Өзбекстанның бас шаһары &ndash; Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирі басталады. Жарыстың тұсаукесер кездесулерін қазақстандық балуандар кімдерге қарсы өткізетіндері белгілі болды.</p>

Дзюдошыларымыздың Ташкентте кімдермен күресетіні белгілі болды

60 кило: Елдос Сметов италиялық Диего Риа (Италия) және германиялық Максимильян Гейдер арасындағы жұптың жеңімпазымен белдеседі.Дамир Болатбековтің қарсыласы португалиялық Коста Родриго Лопес.

66 кило: Ерлан Серікжанов қырғызстандық Артур Теге қарсы шықса, Кемелбек Молдаш ауғанстандық Фахим Фазлиді сынақтан өткізеді.

73 кило: Жансай Смағұлов гамбиялық Файе Нжие мен ұлыбританиялық Эрик Хэм және Аңсарбек Ғайнуллин өзбекстандық Обидхон Номонов пен бразилиялық Эдуардо Барбоса арасындағы бәсекеде жеңіске жеткен спортшымен жолығады.

81 кило: Дидар Хамза тәжікстандық Акмаль Муродовпен, ал Руслан Мұсаев грекиялық Атанасиос Милонелиспен шеберлік байқасады.

90 кило: Ерсұлтан Мұзапаров та турнирді екінші кезеңнен бастайды. Оның қарсыласы израильдік Бен Тененбаум мен беларусьтік Александр Сидорюк арасындағы сайыстан кейін анықталады.

100 кило: Арман Калиев грузиялық Георгий Чикованимен, Айбек Серікбаев өзбекстандық Шахбоз Пулатовпен айқасады.

+100 кило: Ерасыл Қажыбаев польшалық Мацей Сарнацкимен, ал Ғалымжан Қырықбай Өзбекстанның өкілі Шохрух Бахтиеровпен күш сынасады.

Бөлісу: