Хоккей
1 мин оқу 155

«Барыс» ұтты, есеп теңесті

<p style="text-align: justify;"><strong>Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың 1/8 финалының екінші кездесуінде Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo;&nbsp; Магнитогорскінің &laquo;Металлургінен&raquo; басым түсті. </strong></p>

«Барыс» ұтты, есеп теңесті

Магнитогорскіде өткен матчта 12-минутта Кирилл Панюков есеп ашып, жерлестерімізді алға шығарды. Үзлістен кейін айдын иелері таразы басын теңестіріп кетті. 28-минутта Андрей Нестаршил нысаны дәл көздеді. Одан кейін кездесу аяқтлғанға дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта «Барыстың» бағы жанды. Овертайм басталған бетте Даррен Диц мергендік танытты. Есеп – 1:2.

Сөйтіп, қос команда арасындағы екі кездесудің нәтижесі бойынша есеп теңесті. Енді келесі қос бәсеке 6 және 8 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.  

Бөлісу:
«Барыс» ұтты, есеп теңесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар