Спорт
1 мин оқу 150

Әлем чемпионаты Алматыда өтеді

<p style="text-align: justify;">Наурыздың 9-ы мен 11-і күндері Ала&shy;тау бөктеріндегі &laquo;Шымбұлақ&raquo; тау шаң&shy;ғы курортында елімізде тұңғыш рет фристайл-могул мен фристайл-акро&shy;батикадан әлем чемпионатының жалауы желбірейді.</p>

Әлем чемпионаты Алматыда өтеді

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпия ойындары рейтингтік ұпай жинау үшін берілген үлкен мүмкіндік. Алғаш 8-9 наурыз күндері өтетін әлемдік додада фристайл-могул бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Бұл сында ел намысын ерлерден Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Антон Бондарев және Сергей Романов қорғаса, әйелдер бәсе­ке­­сінде Юлия Галышева, Аяулым Әміре­нова, Олеся Граур және Анастасия Городко сынға түседі.

Ал 10-11 наурыз күндері фристайл-акробатика бойынша өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасынан жуырда ғана АҚШ-тағы North American Cup турнирінде топ жарған Шерзод Хаширбаевтан бөлек, Роман Иванов, Ильдар Батрудинов, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Аяна Жолдас өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар