Аймақтар
1 мин оқу 380

Алматыда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрлігіне қарасты &laquo;Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы&raquo; ММ сейсмикалық стансалар желісі 5 наурызда Алматы уақытымен сағат 02:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 341 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 9.3. MPV магнитудасы 3.7. Эпицентрдің бағыты 42.07° с. е.80.77° ш. б. Тереңдігі 20 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше тағы бір жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 01:47-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 303 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Бөлісу:
Алматыда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар