Экономика
1 мин оқу 183
Доллар арзандап келеді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасында доллар теңгеге қарағанда арзандап келеді.</p>
Бүгін таңертеңгі сауда нәтижесі бойынша 4 наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,14 теңгеге, яғни, 419,48 теңгеге дейін арзандады. ҚР Ұлттық банкінің 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы 419,45 теңге болған. Апта басындағыдай емес қазір доллардың курсы тұрақтанған. Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыда айырбастау пункттерінде доллар 418,88 теңгеден сатып алынып, 420,47 теңгеден сатылуда. Нұр-Сұлтандағы бағасы 418,01 теңге 419,15 теңге деңгейінде тұр.
Бөлісу: