Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының тұрғын үй алаптарында орналасқан фронт-офистерде ай сайын бірнеше күн бойы жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдері берілетін болады. Бұл шаралар жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша қабылданды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов мәлім еткендей, «Қазпошта» АҚ басшылығының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қолдауымен Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алаптары тұрғындарының өтініші бойынша әр айдың 4-інен 4 жұмыс күні ішінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін фронт-офистерде жәрдемақылар мен зейнетақы төлемдері берілетін болады.
Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу кезеңінде әр айдың 15-інен бастап 4 жұмыс күніне дейін (демалыс және мереке күндеріне түскен жағдайда жұмыс күнін ауыстыру арқылы) тұрғындар үшін «Қазпошта» АҚ-ның «мобильді поштасы» жұмыс істейді.