Аймақтар
1 мин оқу 345

Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды

<p style="text-align: justify;">Бүгін түнде және күннің бірінші жартысында Алматы қаласында жауын-шашын мен қар қалың жауғаны белгілі.</p>

Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды

Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орналасқан метеостанцияның хабарлауынша, жауын-шашынның мөлшері 16 мм құрап, қар жамылғысының биіктігі 7 см болды.Түнде және таңертең жолда мұз байқалды.

Желдің күші 2 м/с құрады. Ауаның температурасы Цельсия көрсеткіші бойынша 0,2 градус болды. Нәтижесінде мегаполистің бірнеше аудандарында апаттық бұтақтар мен ағаштар құлады деген 8 ақпарат түсті.

Үш мекенжай бойынша Алматы қаласы Құтқару қызметінің жедел кезекшісінің ақпараты бойынша, 4 автокөліктің зақымдалуы тіркелді. Ағаштардың құлауымен жеке тұрғын үйдің аумағын су басу салдарын жоюға, Алматы қаласы Құтқару қызметінен 5 бірлік арнайы техника мен жеке құрамынан 17 адам жұмылдырылды.

Бөлісу: