Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды

Бүгін Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында «Астана» футбол клубы мен қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогы үшін финалдық кездесу өткізді.

Негізгі кезең тартысты өтіп, таразы басы 1:1 есебімен тең түсті. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
«Қазақстан суперкубогының финалында «Астананы» жеңдік. Негізгі кезеңде тең ойнадық. Содан кейін пенальтиде 5-4 есебімен жеңіске жеттік» - деді «Тобыл» футбол клубының баспасөз хатшысы Қасқырбай Қойшыман.
Өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан суперкубогын иеленіп отырған «Тобыл»командасын Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады.
«Тобыл» футбол клубын Қазақстан суперкубогы үшін финалдағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл барлық қостанайлықтардың жеңісі. Біз алғаш рет суперкубокқа ие болдық. Бұл жеңіс клубтың алдағы табыстарына серпін беретініне сенімдімін. «Тобыл» ФК-на жаңа футбол маусымында сәттілік тілеймін!» деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Қостанай облысы