Аймақтар
1 мин оқу 211

ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды

<p style="text-align: justify;">ШҚО аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 07 наурызынан бастап 20 наурызын қоса алғанға дейін ұзартылды.</p>

Медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда тәжрибе өтер алдында профилактикалық мақсатта COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтетін болады;

күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30%-дан, жалпы адам саны 50-ден аспаған жағдайда, банкет залдарының тек еске алу рәсімдерін (ас беру) өткізу үшін жұмыс істеуіне рұқсат берілді;

Таңертеңгі фильтрді міндетті түрде өткізу, персоналдардың бетперде тәртібін сақтауы, термометрия, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялауды жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды өткізбеу, ата-аналарды және апарып-алып келетін адамдарды кіргізбеу шарттарын қатаң сақтай отырып мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысы қайта басталады;

Жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары мен 1-ден 5-сыныпты, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 оқушыдан аспайтын аралас форматта оқуға рұқсат берілді.

Бөлісу:
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар