Коронавирус
1 мин оқу 155

Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 238 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; Денсаулық сақтау <a href="https://t.me/DenMinPR" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">министрлігіне</a> сілтеме жасап.</p>

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 6 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан жеті адам көз жұмған. Коронавирус белгісі бар пневмониядан төрт науқас қайтыс болған.
Қазіргі мәлімет бойынша 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 238 адамның жағдайы ауыр;
• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар