Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті

Қызылордада 2001-2003 жылдары туған жастар арасында қазақша күрестен күш атасы ҚажымұқанМұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай республикалық ашық турнир өтті. Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған боз кілем бәсекесінде еліміздің барлық облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан келген балуандар белдесті.

Турнирдің ашылуында қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов еліміздің барлық аймақтарынан жиналған балуандар бәсекесі жыл сайын Сыр жұртшылығы асыға күтетін додаға айналғанын айтып өтті. Былтыр пандемияға байланысты өтпей қалған сайыс биыл қайта жалғасын тауып отыр. Қазақ күресін өскелең ұрпаққа насихаттауды көздеген турнир ұлттық құрама сапына енетін спортшыларды анықтайтын бірден-бір жарыс. Жарыс жүлдегерлері сонымен бірге спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленеді.
Үш күнге созылған тартысты дода қорытындысымен турнирдің қола жүлдесі ұлттық құрамаға бұйырса, жамбылдық балуандар күміс жүлдегер атанды. Ал Сыр спортшылары бірінші орын тұғырына шықты.
Сайыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарына Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арнайы шығарылған медаль мен қаржылай сыйақылар табысталды.