Аймақтар
1 мин оқу 336

Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовбір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат беретін жаңа қаулыға қол қойды.

Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді

«2021 жылдың 9 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптарын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25 баладан аспайтын бала санымен аралас форматта оқытуға рұқсат етілсін» делінген қаулыда.

Сондай-ақ, оқу бітіретін сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар)  аптаның 6 күнінде аралас форматта: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, 1 сынып-1 кабинет қағидаты бойынша, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін сақтау), арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат беріліп отыр.

Жаңа қаулы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Бөлісу: