Теннисші Александр Бублик Доха турнирін сәтті бастады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Доха АТР 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space"> <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> </span>ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </span></p>
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 201-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған үндістандық Рамкумар Раманатанмен кездесті. Бірінші партияда А.Бублик 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте тағы да брейк жасай білді. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, еш қиналған жоқ – 6:2. Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 14-інші, осы доданың 5-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агут немесе рейтингте 39-сатыдағы америкалық Рейлли Опелканың біреуімен шеберлік байқасады.