Ауа райы
1 мин оқу 1,180

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет наурыздың 9-ы күнгі ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазгидромет таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Республика өңірлерінде жаңбыр, қар жауады. Тек елдің оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-шығысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік-батыста және солтүстікте екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Жамбыл, Қарағанды, түнде Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, ақыры жаяу бұрқасынға ұласады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар