Миллиардер Оливье Дассо тікұшақтан құлап қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Францияда Ұлттық жиналыстың депутаты Оливье Дассоның жеке тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 69 жастағы миллиардер және ұшқыш қаза тапты деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы жағдай Нормандия жағалауындағы Тукеде болған.
Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің Twitter-дегі аккаунтында саясаткердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
«Оливье Дассо Францияны жақсы көрді. Ол - өнеркәсіп капитаны, депутат, жергілікті сайланған шенеунік, әскери-әуе күштеріндегі запастағы командир еді. Оливье Дассо өмір бойы біздің елге қызмет етуді, оның мықты жақтарын насихаттауды тоқтатпады. Оның кенеттен қайтыс болуы - үлкен шығын. Оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын», деп жазды президент.