Павлодар облысында бес азаматқа ел аумағына кіруге тыйым салынды
<p style="text-align: justify;">Бір тәулік ішінде Павлодар облысында ТМД елдерінің бес азаматына Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Өңірде мемлекеттік шекараның төрт автокөлік өткізу пункттерінде азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді.
⠀
Соңғы тәулікте шекарадан 234 адам өткен, оның ішінде 81 - жаяу жүргінші және 153 жүк көлігінің жүргізушісі. Анықтамасыз келген 3 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылған. Автокөлік өткізу пункттерінде өткен тәулік ішінде covid-19 расталған жағдайлары тіркелген жоқ.
⠀
Сонымен қатар, ТМД-ның бес азаматында: теріс нәтижелі ПТР анықтамалары болмауына байланысты үш Ресей азаматына және Қырғызстан Республикасының екі азаматына ҚР аумағына кіруіне тыйым салынды.
⠀
Шектеулер шаралары енгізілген сәттен бастап облысқа 71 715 адам келді, оның ішінде 45 922 халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер және 25 793 жолаушы келген. 21 053 ПТР-тексеру жүргізілді, симптомсыз коронавирустық инфекцияның 142 енгізілген жағдайы анықталған.