Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Әсет Исекешевті қабылдады
<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ" xml:lang="KZ">Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
– Біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, онда маңызды мәселелерді талқыладық. Тиісті Стратегияны бекіттік, соның аясында жұмыс атқару қажет. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты онда айқындалған міндеттердің жүзеге асырылу барысын қадағалауға тиіс, – деді Елбасы.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
Әсет Исекешев 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын дайындау барысы туралы баяндады. Сонымен бірге Аппараттың азаматтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерді анықтау, алдын алу мен бейтараптандырудың жүйелі шараларын әзірлеуге бағытталаған жұмысы жайлы айтып берді.