Аймақтар
1 мин оқу 294
Ақтауда Өзбекстанға әуе рейсі ашылды
<p style="text-align: justify;">Ақтау-Үргенш-Ақтау бағыты бойынша халықаралық рейс ашылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Хорезм облысының әкімшілік орталығы, ежелгі Үргенішке «Скат» әуе компаниясының ұшағы аптасына 2 рет қатынайды.
«Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қарым-қатынас орнатуға тамаша мүмкіндік. 8 наурызда Boeing 737 ұшағы алғашқы рейсті сәтті жасады. Scat.kz сайтында билетті брондауға болады. Орташа баға 73 мыңнан басталады. Аптасына дүйсенбі және сәрсенбі күндері қатынайды», дейді авиакомпания өкілдері. Сондай-ақ ұшақта барлық санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады.
Бөлісу: