Қазақстан
1 мин оқу 794

Сақтандыру нарығындағы ахуал

<p style="text-align: justify;">2020 жылы болған ауыр қаржылық дағдарысқа қарамастан, отандық сақтандыру нарығы біршама өсім көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 23,2 пайызға өсім байқалған. Азаматтар өз өмірін сақтандыруға көп мән бере бастапты.</p>

Сақтандыру нарығындағы ахуал

Нарықтың бұл саласын­да­ғы жағдай туралы Қа­зақ­стан қаржыгерлер қауым­дас­тығы зерттеу жасаған. Былтыр сектордың таза сақ­тан­дыру сыйлықақылары 12,1 пайызға ұлғайып, 473,8 млрд теңгені құрады, ал таза сақтандыру төлемдері 2,7 пайызға немесе 101,2 млрд теңгеге дейін қыс­қар­­ған. Сыйақының өсуі сек­тор табысының еселеп артуына серпін берді. Нә­тижесінде, сектор табысы 458,1 млрд теңгеге дейін көбейген. Сақтандыру және инвестициялық қыз­мет­тер әсері ғана емес, сақ­тан­­дыру төлемдерінің азаюы да (оның ішінде ка­ран­­тин шектеулеріне байланысты және сақ­тан­ды­ру төлемдерінің төмендеуі себепті) сектор табысының өсе түсуіне ықпалын тигіз­ген. Бұл ретте таза пайда – 114,2 млрд теңге. 2019 жыл­мен салыстырғанда 45,7 пайызға жоғары. Ин­вес­­тициялық табыстың 76,8 млрд-тан 128,0 млрд тең­ге­ге дейін ұлғаюы сектор пай­да­сының өсуіне ықпалын тигізген.

«Сектор активтерінің құ­ры­лымында ең көп үлес­ті бағалы қағаздар алады (барлық активтердің 69 пайызы). Бағалы қағаздар порт­фе­лінің өсуі (+33 пайыз) және оның оң валюталық қайта бағалануы сектордың инвестициялық қызметтен түсетін кірісінің ұлғаюына (+67 пайыз) алып келді» де­лінген қауымдастық ақпа­ратында.

Бір қызығы, қызметтердің жап­пай онлайн форматқа көшуі дәл осы сақтандыру сек­­­торына оң әсерін тигі­зіпті.

Бөлісу: