Қазақстан
1 мин оқу 270

Табысы құлдыраған әуе компаниялары

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың қаңтар айында отандық әуе ком&shy;панияларының табысы 19,6 млрд теңгені құрап, ал&shy;дыңғы жылмен салыстырғанда 40,8 пайызға құл&shy;ды&shy;рау байқалған.</p>

Табысы құлдыраған әуе компаниялары

Аталған соманың 17,9 млрд теңгесі жолаушылар тасымалынан түссе, 1,7 млрд теңге – жүк тасымалын жүзеге асырудан түскен пайда. 2020 жылы қаңтар айында бұл саладағы табыс 33,1 млрд теңгені құрап, 2019 жылдың басымен салыстырғанда 31,3 пайыз өсім көрсеткен еді. Был­тырғы қатаң шектеулердің әуе компанияларына оңай тимегенін осы бір айыр­машылықтан-ақ оңай аң­ға­руға болатындай.

Осы жылдың қаңтар айы­­ның өзінде ел аумағында 592,1 мың адам тасымалданып, жалпы жолаушылар ағы­ны 845,7 млн жолаушы-ша­қырымды құраған. Бір айда тасымалданған жүк көлемі – 2,5 мың тонна, ал жүк айналымы 5,4 млн тонна-шақырым көрсеткішіне ие.

Finprom.kz ақпараты бо­йынша, «Эйр Астана» әуе компаниясының рейстерді өз уақытында орындау көр­сет­кіші қаңтар айында 90,9 пайыз болған. Компания былтыр өз уақытында рейс орындау көрсеткішін 87,6 пайыз деп мәлімдеген.

Бөлісу:
Табысы құлдыраған әуе компаниялары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар