Әлем
1 мин оқу 180

Украинада мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірген

<p style="text-align: justify;">Украинаның Ровненск облысында мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы Жедел медициналық көмек көрсету орталығының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Оқиға 8 наурыз күні Острог қаласында болған. Бүлдіршіннің анасы баласының арбада қозғалыссыз жатқанын көрген, ал нәрестенің бетінде мысық ұйықтап жатқан.

Жедел жәрдем қызметі реанимациялық іс-шаралар жасағанымен, одан еш нәтиже болмаған. Аудандық аурухананың дәрігерлері де баланың өлімін растаған.

Қайғылы жайт туралы полицияға хабарланған.

Бөлісу: