Аймақтар
1 мин оқу 141
Елордада ауа райына байланысты рейстер кейінге шегерілді
<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты елорда әуежайында 16 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Күн райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін, одан ұшып шығатын бірнеше рейс тоқтатылды. Жолаушылар толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен немесе әуе компанияларының колл-орталығынан біле алады», делінген хабарламада.
Бөлісу: