Аймақтар
1 мин оқу 662

Маңғыстау ауданының прокуроры тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 21/6 бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Серік Бірмағанбетұлы Әділов Маңғыстау ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Маңғыстау ауданының прокуроры тағайындалды

С.Б. Әділов 1985 жылғы 26 ақпанда дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2008 жылдан қызмет атқарады.

Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Маңғыстау облысы прокуратурасының Тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Аппаратында облыс прокурорының көмекшісі лауазымдарында қызмет атқарған.

2019 жылғы сәуіден бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Бөлісу:
Маңғыстау ауданының прокуроры тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар