Аймақтар
1 мин оқу 334

Орал мен Ақтөбе арасында 350 көлік жолда қалған

<p style="text-align: justify;">Қазір ол жерде 257 жүк көлігі биікке көтеріле алмай тұр, жеңіл автокөліктер толықтай кептелістен шықты. Бұл жайлы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

10 наурызда Шыңғырлау ауданы аумағында, нақтырақ айтқанда Самара-Шымкент тас жолының 489-522 шақырымында Ақтөбе облысының шекарасына дейін 4-5 км жетпей ауыр жүк көліктері мен жеңіл автокөліктердің кептелісі пайда болды (шамамен 300 фура және 50 жеңіл автокөлік топтасып тұр).

Таңертеңгі 9.30-дағы мәлімет бойынша кептелісті жоюға бақытталған жұмыстар жүргізілуде.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады.

Бөлісу:
Орал мен Ақтөбе арасында 350 көлік жолда қалған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар