Алматыда Бас санитардың жаңа қаулысы шықты
<p style="text-align: justify;">Соңғы күндері Алматыда коронавирустық инфекция өрши түскені белгілі. Сондықтан Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Жаңа қаулы бойынша ойын-сауық іс-шараларын, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу қарастырылған. «Наурызды» және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;
Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;
Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;
Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.