Білім
1 мин оқу 390

Елордадағы балабақшаларда бала санын ұлғайтуға рұқсат етілді

<p style="text-align: justify;">Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 2021 жылғы 3 наурыздағы шектеу және карантиндік шаралар туралы қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жайлы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Өзгерістерге сәйкес, балабақшалардағы балалар санын 15-тен 25-ке дейін көбейтуге рұқсат етілген.

«Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыруды, әр топта 25 баладан артық емес толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтау арқылы және жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеумен және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салумен қамтамасыз ету қажет», делінген қаулыда.

Сол сияқты жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту жүргізіледі.

Бөлісу:
Елордадағы балабақшаларда бала санын ұлғайтуға рұқсат етілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар