Аймақтар
1 мин оқу 902

Мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивист ұсталды

<p style="text-align: justify;">СҚО полицейлері Қостанай облысының Рудный қаласында тонау жасағаны үшін сотталып, бас бостандығынан айрылған 39 жастағы тұрғын жазадан қашып кеткен екен. Оған рудныйлық полиция мемлекетаралық іздеу салады. Қашқын Петропал қаласының тумасы болғандықтан солтүстікқазақстандық полицейлер қылмыскердің жүруі мүмкін жерлерін мұқият тексерді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жүрген жері анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивист ұсталды

Ер адам таныс әйелдің үйінде жасырынып, спирттік ішімдіктер ішіп отырған кезінде ұсталды. Қазір ол уақытша қамау изоляторында. «Іздеудегі адам түрлі қылмыс жасағаны бірнеше рет істі болған. Оған  Қылмыстық кодекстің 44-бабы - «Бас бостандығын шектеу» бойынша шартты жаза берілген, алайда ол жазаның талаптарын орындамай қашып кеткен. Енді  жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Жыл басынан облыс аумағында 4 қылмыскерге іздеу жарияланды, оның 2-уі ұсталды. Бұдан бөлек Қазақстанның басқа өңірлері үшін 3 қылмыскерді ұстады, соншама РФ үшін де ұсталды», - деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.

Бөлісу:
Мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивист ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар