Елорда
1 мин оқу 220

Елордада коронавируспен ауырғандар саны күн сайын артып келеді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен ауырғандар саны күніне 70-тен 143 адамға дейін артып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бүгін елорда әкімдігінде елордадағы эпидемиологиялық жағдай және мектептердегі карантин шектеуіне қатысты брифинг өтті.

«Соңғы аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы COVID-19 инфекциясы тұрақсыз деп бағаланады. Тіркелгендер саны күніне 70-тен 143 адамға дейін артып отыр. Соңғы аптада сырқаттану деңгейі алдыңғы аптадан бастап 9,9%-ға жоғары. 10 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 59,2%», дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова. Оның айтуынша,10 наурыздан бастап елорда «қызыл аймаққа» кірді.

«Коронавирус инфекциясы көбеюінің негізгі себебі – қала тұрғындарының карантин шараларын сақтамауы, көп жиналатын қоғамдық орындарға баруы, маска тағуды ескермеу, ауырған адамдармен жақын байланыста болғандардың режимді сақтамауы», дейді ол.

Бөлісу:
Елордада коронавируспен ауырғандар саны күн сайын артып келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар