Н.Нығматулин: Мәжіліс квазимемлекеттік сектор сатып алулары туралы заң жобасын қарайды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Депутаттар қарауына «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылды. Заң жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомапт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру бағытында әзірлеген. Аталған құжатта сатып алудың жаңа тәсілін – электронды дүкенді енгізу ұсынылады.
Заң жобаларын қабылдау кәсіпкерлерге квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуына қатысуға ашық және әділ бәсекелестік мүмкіндігін береді. Сондай-ақ алдағы жалпы отырыста Палата депутаттары адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Сенат енгізген түзетулерді қарайтын болады.