Елорда
1 мин оқу 190

Елордада заңсыз жер теліміне салынған құрылыс тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Елордалық Әділет департаментінің сот орындаушысы Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соты шығарған заңсыз жер учаскесін босату туралы талапты орындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

«Осы жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысымен Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық сот шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы, Манас көшесі, 21 мекенжайында орналасқан 0,05875 га (587,5 кв.м.) жер телімін босатып, өз қаражаты есебінен шаруашылық-тұрмыстық құрылысты және металл қоршауды мәжбүрлі түрде бұзу (демонтаждау) бойынша атқару жүргізілді. Атқару құжатының талаптары толық көлемде орындалды», делінген Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Елордада заңсыз жер теліміне салынған құрылыс тоқтатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар