Аймақтар
1 мин оқу 243

Шымкентте жүкті әйелдерді емханаға есепке алу үшін ақша талап еткен

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында жүкті әйелдерді есепке қою үшін емханада 1 мың теңге, перзентханада туу туралы куәлікті беру үшін 2 мың теңге ақша талап еткен. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Шымкент қаласы бойынша департамент жүкті әйелдерді есепке қою үшін емханада 1 мың теңгеден, перзентханада туу туралы куәлікті беру үшін 2 мың теңгеден, университетте емтиханнан баға алу үшін белгілі бір ставкалар белгіленген ақшалай қаражат алуды тоқтатты. Аталған мекемелерде Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде ұжымдық жиналыстар өткізілді», деді спикер.

Сондай-ақ биыл 15 ақпанда «1424 Call-орталығы» арқылы келіп түскен шағым бойынша Түркістан облысы аудандарының бірінде – бас маман, ауылдық округ әкімдігінің атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі комиссиясының төрағасы жәрдемақыны кедергісіз алу үшін 7 000 теңге сомасында пара алу сәтінде әшкереленді.

Бөлісу: