Базарлардан ақша жинаған шенеунік ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматыдағы азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан ақша жинаған шенеунік ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды <a href="https://en.egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Оның айтуынша, агенттіктің Алматы қалалық департаменті «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік аумақтық инспекция комитеті» ММ Карантиндік, өсімдіктерді қорғау және фито-санитарлық бақылау бекеттерін мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Ол жүйелі негізде кәсіпкерлік субъектілерінен – Алматы қаласының азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырмағаны үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін пара алған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес жоғарыда аталған бөлім басшысы ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», деді ол.