Спорт
1 мин оқу 334

Жанбота Алдабергенова финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Шаңғы акробатикасынан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы жолындағы жарыста Жанбота Алдабергенова финалға жолдама алып, өз жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жанбота Алдабергенова финалға шықты

Іріктеу сайыстарында ол 79.38 ұпайды иеленіп, алғашқы ондықты қорытындылады. Осы нәтиженің өзі Жанботаға финалға шығу үшін жеткілікті болды. Өкінішке қарай, Маржан Ақжігіт 16-орында (65.20 ұпай) қалып қойса, Ақмаржан Қалмұрзаева 18-сатыға (62.93 ұпай) табан тіреді. Осылайша, олар әлем кубогын аяқтады. Тағы бір спортшымыз Аяна Жолдас жарақатына байланысты жарыс жолына шықпады.

Ал финалдық бәсекелер бүгін сағат 13:00-де басталады. Жанботаға жанкүйер болайық!   

 

Бөлісу:
Жанбота Алдабергенова финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар