Көкшетауда өртенген үйден ер адамның денесі табылды
<p style="text-align: justify;">Көкшетауда өртенген үйден 49 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол еш жерде жұмыс істемеген және маскүнем ретінде есепте тұрған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Ведомство өкілдері хабарлағандай, өрт бүгін таңертең сағат 09:43-те Көкшетау қаласындағы жеке тұрғын үйде шыққан.
«Өртті сөндіру барысында 49 жастағы ер адамның денесі табылды. От 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде ер адам үйде жалғыз болған», деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда, сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының мәліметінше, ер адам уақытша жұмыс істемеген және маскүнем ретінде есепте тұрған.