Аймақтар
1 мин оқу 3,070

Алматы маңында әскери ұшақ құлады

<p style="text-align: justify;">ҰҚК-ның &laquo;Нұр-Сұлтан-Алматы&raquo; бағыты бойынша ұшып келген АН-26 әскери ұшағы Алматы қаласына қону кезінде құлады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.</p>

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы Қызылту ауылының маңында ұшақ құлады деген хабарлар қызу талқыланып жатыр. Алдын ала ақпараттарға сәйкес бортта 6 адам болған көрінеді. Оның 4-еуі қаза болып, 2-еуі ауыр жарақат алған.

«Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті», деді баспасөз қызметінің өкілі.

Әзірге жоғарыда айтылған ақпараттар ресми расталмағандықтан, апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Кадрларда ұшақтың сынықтары түтіндеп, отқа оранған. Айналасында өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Алматы маңында әскери ұшақ құлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар