Футбол
1 мин оқу 380

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды

<p style="text-align: justify;">Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Сенбі күнгі кездесулер Алматы, Атырау және Түркістан қалаларында өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды

Алматының Орталық стадионында «Қайрат» Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. 40 минуттан аса уақыт бойы бір ойыншысы кем болғанына қарамастан алаң иелері жанкештілік танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл голдардың авторлары – Небойша Косович (69-минут) пен Гүлжігіт Әліқұлов (72-минут).

Түркістанда «Тұран» мен «Астана» күш сынасты. Бәсеке барысында қонақтар екі мәрте алға шыққанымен, жергілікті футболшылар екі ретінде де таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Елордалық клубтың сапында Марин Томасов (9-минут) пен Абзал Бейсебеков (54-минут) мергендік танытса, түркістандықтардың құрамындағы Таңат Нөсербаев (18 және 68-минуттар) дубль авторы атанды.

Ал «Атырау» өз алаңында Қарағандының «Шахтерінен» 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Жексенбіде «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавловск), «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) және «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тараз» шеберлік байқасады.

Бөлісу: