Коронавирус: Бір күнде 11 адам қайтыс болған
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына қатысты өңірлерде тіркелген қайғылы жағдай санын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Министрліктің мәлімдеуінше, 12 наурыз күнгі дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмған.
Нұр-Сұлтан қаласы – 1 адам, Алматы қаласы - 1 адам, Алматы облысы – 2 адам, Батыс Қазақстан облысы – 2 адам, Қарағанды облысы - 4 адам, Павлодар облысы - 1 адам қайтыс болған.
Сондай-ақ 14 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде 18 973 адам короновирус инфекциясынан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 232 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 33 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.