Қоғам
1 мин оқу 265

Қазақстанға шетелден қанша жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді?

<p style="text-align: justify;">Қазақстанға шетелден ұшып келген 513 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

13 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді. 2 621 әуе жолаушының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 108 адам, анықтамасыз 513 адам келді.

Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 368 жолаушы, анықтамамен - 2 169, анықтамасыз - 199;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 432 жолаушы, анықтамамен - 378; анықтамасыз - 54;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 326 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 80; анықтамасыз - 58;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 160 жолаушы, анықтамамен - 70; анықтамасыз - 90;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырады және карантин стационарында нәтижесін күтеді. Айта кетерлігі, 12 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан 273 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу: