Спорт
1 мин оқу 551
Шымкенттің өрендері озды
<p style="text-align: justify;">Алматыда спорттық гимнастикадан дәстүрлі республикалық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста шымкенттік өрендер тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Сарапқа салынған алты бас жүлденің тең жартысын Шымкенттің гимнасшылары жеңіп алды. Бір ғажабы, сол алтын медальдардың үшеуін де Фарух Набиев иеленді. Ол қолды тіреп секіру, бағана және керме жаттығулары бойынша алдына жан салмады. Сондай-ақ, Фарухтың қоржынында тағы екі қола жүлде бар.

Ал қалған үш алтынды Алматы қаласының өкілдері қанжығаларына байлады. Олар – Ілияс Әзизов (еркін жаттығу), Нариман Құррбанов (ат) және Ақпар Жалали (шығыршық).
Бөлісу: