Теннис
1 мин оқу 112
Отандасымыз Дубайда негізгі турнирге жолдама алды
<p style="text-align: justify;">Отандасымыз, теннисші Михаил Кукушкин Дубайда негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Әлемдік рейтингте 96-орында тұрған М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзінің 162-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен бәсеке түсті.
Алдыңғы ақпараттарымызда хабарлағандай, ол бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Екінші сетте де М.Кукушкин брейкпен алға шықты – 3:1. Тағы бір брейк – 5:2. Сосын матчқа доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2. Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық спортшы негізгі турнирге жолдама алды.
Бөлісу: