Аймақтар
1 мин оқу 540
Павлодарда құрылыс краны құлап, 30-ға жуық үй жарықсыз қалды
<p style="text-align: justify;">Құрылыс алаңында көтергіш кранның Lada Priora көлігіне түскені белгілі болды, деп хабарлайды <a style="text-align: justify; font-size: 18px;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше облыс орталығында болған.
– Павлодарда Естай көшесі мен Больничный тұйық көшесінің қиылысында жеке ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында шынжыр табанды кран электр беру желісіне аударылды, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй электр желісінен ажыратылды, – деп хабарлады ведомство өкілі.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Қалалық электр желілері кәсіпорны» ЖШС жүргізді.
Оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: