Руханият
2 мин оқу 420

Алаңсыз күндердің әлдиі

<p style="text-align: justify;">Құмсағат ғұмырдың қызығына түсіп қалаға қарай қырбайладық. Қара жол хан шаһарға тартты. Қаракөз қалды жаутаңдап. Қараорман армандардың арасында адастық. Қариялар &laquo;көңіл қам болмасын&raquo; деп қалтасындағы мен кеудесіндегінің бәрін жиып берді. Дүниеге жаңа өрнек салардай желпіндік келіп. Бірақ құлақтан кекілін артқа тараған албырт күндердің әуені кетпейді. Неге? Не себепті? Оның жауабы осы картинада.</p>

Алаңсыз күндердің әлдиі

Қанша жерден жақын тарт­қанымен алып шәрі ас­па­нындағы ауа туған жердің тү­тініне татымайды екен-ау.

Бізді осындай ойға жетелеген Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Асқар Есдәулеттің «Атамекен» ту­ын­дысы. Табанымды топы­рағы сүйіп, маңдайымды же­лі өпкен, көңілімді ақ жайнақ күні еліткен алтыннан қымбат бесік жұрт. Картинаға қарағанда ауылдағы ақжайнақ сәттер, ескі кино лентасындай сағым жылдар, күлімкөз күн­дердің керуені көз алдың­нан тізіліп өтеді.

Картинада келмес уақыт бедерінде кеткен әдемі сәт­тердің айқайы, қиылыс-бұры­лысы, ақшаңдақ жолы, ақ­сақал ақылы, баяғы қоңыр жыл­дардың қуанышы шалқып жатыр. Балалығыңның ба­лабақшасын көз алдыңа әке­ле­тінін қайтесің, шіркін?! Уақытты кері айналдырып, сағы­нышқа айналған мерейлі ме­зетке қайта сапар шеккін келеді.

Қылқалам шебері Асқар Есдәулетов елдегі ең батыл әрі жаңашыл суретшілердің бірі. Солай дегеннің өзінде, өз туын­дыларында ұлттық және дәс­түрлі сюжеттерге үне­мі кө­ңіл бөліп отырады. Мұны осы кар­тинаның өзі-ақ көр­сетіп тұрғандай.

«Атамекен» картинасының сюжеті ұрпақ сабақтастығы мен туған жерге деген сағыныш биігінде сипатталған. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, сондай-ақ байырғы көшпелілердің өмірін һәм дәстүрлі тұрмыс кө­ріністерін ашып береді. Су­ретші оқырман назарын таза түстерге аударуға тырысқан. Картина сәндік кескіндеме сти­лімен орындалған.

Негізінде, қылқалам ие­сі іс жүзінде таза түс­тер­ді араластырмай пайда­ланған. Кар­­тинаның ортасын­да­ғы қария мен түйе­ден жы­лы және суық реңк­тер бай­қалады. Күң­­гірттеу сары, аралас кө­гілдір, жасыл түс­тер, бояу­лар­дың же­ңіл реңктері оқыр­манды ты­ныштық пен жа­ра­сым­ды­лыққа же­телейді.

Түстердің қанық қалың табынан мөлдір кеңістікке тө­гілген әртүрлі кескіндемелік т­ә­­сілдер қолданылған. Бұл ав­тор­дың шеберлігін әйдік­теп тұр­ғандай. Автордың кө­кейінде жа­нартаудай атқылап тұрған ең ұлы сағыныш – аяулы атамекені.

Бөлісу: