Қазақстан
1 мин оқу 314
Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы мәресіне жетті
<p style="text-align: justify;">Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы мәресіне жетті. Бұл спорттық іс-шара оқушылар үшін ғана емес, қоғамдық маңызға ие. Себебі Мемлекет басшысы балалар спортын бұқаралық сипатта дамыту бойынша ел Үкіметіне жауапты міндет жүктеген болатын.</p>
Гимназиада аясында Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Илья Ильин сынды чемпиондар мен спорт ардагерлері, бірқатар әлем чемпионаттарының жүлдегері, жеңімпаздары жас спортшыларға қолдау көрсетуге келгені де оқушылар үшін ұмытылмас сәттерге айналды.
Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасында жалпыкомандалық есепте
1 - орынды Қостанай облысы,
2 - орынды Солтүстік Қазақстан облысы,
3 - орынды Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласы иеленді.
Бөлісу: