Аймақтар
1 мин оқу 234
Алматы облысында көлік қаққан төрт оқушының біреуі көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында жол апаты кезінде жарақат алған төрт оқушының біреуі көз жұмды. Қайғылы хабарды өңірдің денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Жол апаты 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында болған еді. Мас күйінде көлік жүргізген 54 жастағы азамат жол бойында тұрған 8-9 жасар төрт қыз баланы қағып кеткен. Үшеуі ауруханаға түсті. Екеуінің жағдайы ауыр болған. Қазір ауруханада жатқан екі қыздың біреуінің жағдайы қалыпты. Екіншісі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Бөлісу: