Аймақтар
1 мин оқу 280
Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
<p style="text-align: justify;">Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Шымкентте Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша тұрақты рейдттік іс-шаралар жүргізуде. Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қала орталығында орналасқан «UNION» түнгі клубының карантин режимін бұзып, жұмыс істеп тұрғанын анықтады.
Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.
Бөлісу: