Аймақтар
1 мин оқу 571

Сотталғандар Амал мерекесін атап өтті

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар арасында Амал мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі&nbsp; Е.Сузақбаев құттықтау сөзімен басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сотталғандар Амал мерекесін атап өтті

Іс-шарада шаруашылық жасағында жазасын өтеушілер  қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өздері дайындаған дастархан басында қосып бір-бірін  құттықтап, ақ  тілектерін білдірді.  Жазасын өтеуші сотталған А.Турлыбаев қазақтың қара домбырасымен «Бұл өлке», «Ұлыстың ұлы күні» атты әндерді шырқады.

-Іс-шараның мақсаты сотталған азаматтардың қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылығын ояту, жазасын өтеп жүрсе де халқымыздың қастерлі мерекесінен тыс қалмай атап өту, - дейді Ғ.Бердишев.

Бөлісу: