Білім
2 мин оқу 545

Грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты өзгерістер &laquo;Білім туралы&raquo; заңға 2016 жылы енгізілген болатын. Сәйкесінше бірнеше жыл бұрын Парламент енгізген өзгерістерге сәйкес, грант бойынша оқыған студенттер оқуларын аяқтаған соң мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болатын.</p>

Грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді

Тиісінше, бұл норма 2017-2018 ака­де­миялық жылдан бастап мемлекеттік тап­сырыс есебінен жоғары оқу орындарына түскен барлық студентке қатысты қол­данылады.

«Егер студент жоғары оқу орнына грант бойынша 2017 жылы түсіп, 2020-2021 академиялық жылы оқуын аяқтаса, ол грантты бұрын қа­былданған заңға сәй­кес өтейді. Сон­дықтан бұл ретте ай­тарлықтай жа­ңашылдық жоқ», деп түсін­дір­ді Жо­ғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

2021 жылдың басында грантты өтеуге қатысты заң талаптары же­ңіл­детілді. Енді жоғары оқу орнында грант арқылы білім алған түлек­тер грантты мамандық бо­йын­ша бұ­рынғыдай тек мемлекеттік ұйым­дар­да ғана емес, жекеменшік мекемелерде де өтей алады.

Сонымен қатар жұмыспен өтеу мерзімі грант бойынша барлық 4 жыл көлемінде емес, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана оқығандардың пайдасына қарай қайта қаралды. Мәсе­лен, студент жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсіп, біраз уақыттан кейін жақсы үлгерімі үшін мемлекеттік білім грантын иеленуі немесе кері­сінше, грантта оқып жүріп, ақылы бөлім­ге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда азамат қанша жыл грант арқылы оқыса, грантты дәл сол мерзімге сәйкес өтей алады.

«Бұған дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған азаматтар грантты тек мемлекеттік ұйымдарда және 3 жыл көлемінде жұмыспен өтеуге міндетті бола­тын. Енді 2021 жылдан бастап икемді тәсіл қолданылады. Яғни биылдан бастап түлектер меншік нысанына қара­мастан, кез келген ұйымда және мем­лекеттік тапсырыс бойынша тегін оқыған жыл көлеміне сәйкес грантты жұ­мыспен өтей алады», деді Ә.Тойбаев.

Бөлісу: